Легтер мен кесте

Запусктар өздігінен жүреді

Лек жина, басталу күнін қой — әрі қарай сабақтар кестемен ашылады, оқушыларға push келеді, қолжетімділік мерзімінде жабылады. Күнде таңертеңгі қол жұмыссыз.

9:41
Поток «Сентябрь»
Модуль 2 · Практика
Урок 4. Разбор кейса
Урок 5. Домашка №2
Урок 6. Живая практика
Урок 7. Секретная техника
откроется завтра, 10:00
Урок 8. Финальный тест
после урока 7

Легтер не істей алады

Басталу күні бар лек

Оқушыларды алдын ала жина: стартқа дейін курс жабық, старт күні бәріне бірден ашылады. Классикалық запуск механикасы — қораптан.

Drip: сабақтар кестемен

Сабақтарды күн мен сағат бойынша аш: аптасына модуль, күніне сабақ — кез келген ырғақ. Оқушы алға қашпайды, бәрін бірден алмайды.

Ретті өту

Келесі сабақ алдыңғысынан кейін ғана ашылады, ал стоп-сабақтар тест не үй жұмысы тапсырылмай әрі жібермейді.

Сабақ ашылғанда push

Сабақ ашылды — оқушыға қосымшаға push келеді. Аяқтау көрсеткіші қолмен жасалатын рассылкасыз өседі.

Легтер не үшін керек

«Сатып алдың — қалаған кезде көр» курсын аяғына дейін бірен-саран оқушы өтеді. Кестелі лек топтық динамика жасайды: бәрі бірге жүреді, дедлайндар жұмыс істейді, аяқтау мен нәтиже айтарлықтай жоғары — демек пікірлер мен қайта сатылым да көп.

Мектеп үшін лек — запуск экономикасы да: жинақ → старт → сату терезесі келесі лекке дейін жабық. 1Study бүкіл циклді автоматтандырады: кесте, сабақ ашылуы, push-тар және лек соңында қолжетімділікті жабу.

Легтер туралы сұрақтар

Лек пен мәңгі қолжетімділікті қатар қолдануға бола ма?

Иә. Қолжетімділік режимі курс пен лек деңгейінде қойылады: қаласаң — қатаң мерзім, қаласаң — мерзімсіз, қаласаң — лек біткен соң материалдардың бір бөлігі ғана ашық қалады.

Сабақтар күнмен бе, әлде уақытпен де ашыла ма?

Күн және уақытпен: старты 18:00-дегі лек түн ортасында емес, 18:00-де ашылады.

Қанша лек жүргізуге болады?

Қатар қанша болса да — легтерге де, ондағы оқушыларға да лимит жоқ.

Өз мектебіңде сынап көр

Ашу тегін және картасыз. Тариф — айына 19 900 ₸, лимитсіз, запускке дайын болғанда.