Қосымша

Мектебің — оқушының қалтасында

iOS және Android-тағы нативті қосымшалар тарифке кіреді: сабақ, тест, чат және төлем — бәрі телефонда. Жаңа сабақ туралы push кез келген рассылкадан жақсы еске салады.

9:41
Школа
Aruzhan English
2
Разговорный английский
24 урока
65%
Грамматика с нуля
18 уроков
30%
IELTS 7.0+
32 урока
8%

Қосымша не береді

Нативті iOS және Android

«Қаптамадағы сайт» емес, нағыз қосымшалар: жылдам, жұмсақ, контент телефонның жүйелік құралдарымен қорғалған.

Оқылатын push-тар

Сабақ ашылды, дедлайн жақын, үй жұмысына жауап келді — оқушы push-тан біледі. Push ашылуы email-ден бірнеше есе жоғары.

Бәрі бір жерде

Сабақтар, тесттер, үй жұмыстары, мектеп ленталары және төлем — оқушыға сайт, мессенджер мен төлемақы арасында секірудің қажеті жоқ.

White label — өз брендің

White label тарифінде оқушылар App Store мен Google Play-ден сенің атың мен иконкаң бар қосымшаны орнатады.

Қосымшасы бар мектептер неге көп табады

Телефон — оқушылар шын мәнінде оқитын жер: кешке, жолда, кезекте. Тек браузерде өмір сүретін мектеп әр «кейін компьютерден ашармын» сайын оқушы жоғалтады. Push-ы бар қосымша оларды курсқа күнде қайтарады.

Жалпы тарифке 1Study қосымшасы кіреді — оқушылар мектебіңді сатып алған соң бірден сол жерден табады. Мектеп өскенде White label тарифі (айына 99 900 ₸) өз брендіңдегі жеке қосымша береді — разработчиксіз және миллиондаған шығынсыз.

Қосымша туралы сұрақтар

Қосымша базалық тарифке кіре ме?

Иә. «Мектеп» тарифінде оқушылар iOS және Android-тағы 1Study қосымшасын қолданады — мектебің онда автоматты пайда болады.

White label не береді?

App Store мен Google Play-де өз брендіңдегі жеке қосымша: сенің атың, иконкаң, түстерің. Айына 99 900 ₸, жариялауды өзімізге аламыз.

Оқушыларға бірдеңе баптау керек пе?

Жоқ: қосымшаны жүктеді, телефон нөмірімен кірді — курстар іште дайын тұр.

Өз мектебіңде сынап көр

Ашу тегін және картасыз. Тариф — айына 19 900 ₸, лимитсіз, запускке дайын болғанда.