Сенің мектебің.Сенің қосымшаң.Сенің ақшаң

Сабақтар, ағымдар, үй тапсырмалары, AI-мұғалім, өз сайтың мен қосымшаң. Оқушылар төлемі тікелей түсетін жер — сенің Kaspi. 0% комиссия. Бәрі кіреді — айына 19 900 ₸.

Kelin.Academy · white label
Kelin.Academy · white label
50 000 ₸ төлем — бірден мектеп кассасында

Мектептер 1Study-де қазірдің өзінде табыс тауып жатыр

кейс школы на 1Study
кейс школы на 1Study
кейс школы на 1Study
кейс школы на 1Study
кейс школы на 1Study
Мүмкіндіктер

Онлайн мектепке керектің бәрі

Жамау-жасқау конструкторы емес, дайын мектеп: контент қорғауы, легтер, AI-мұғалім және қосымша — бәрі бір тарифте.

Антипираттық

Скриншот пен экран жазуы бұғатталған, видео жүктелмейді. Курс сыртқа кетпейді.

Толығырақ
0%

Комиссиясыз Kaspi

2 тап төлем, ақша бірден өз кассаңа. 0% — әрқашан.

Толығырақ

Легтер мен кесте

Басталу күні бар легтер, кесте бойынша ашылатын сабақтар және мерзімді қолжетімділік.

Толығырақ

AI-мұғалім

Оқушыларға 24/7 жауап беріп, кураторларды күнделікті жүктен босатады.

Толығырақ

Оқушыларға қосымша

Push-хабарламалары бар iOS және Android. White label-де — өз брендіңдегі қосымша.

Толығырақ

Тесттер мен үй жұмыстары

Автотексеру, стоп-сабақтар, куратор тексеруі және сертификаттар.

Толығырақ

PDF-материалдар

Гайдтар мен конспектілер аккаунтта оқылады — чатқа таралмайды.

Толығырақ
+16

Мұнымен бітпейді

Сертификаттар, челлендждер, CRM, автоматтандыру, аналитика және тағы 11 модуль.

Барлық мүмкіндіктер
Бұл қалай жұмыс істейді

Идеядан алғашқы сатылымға дейін — бір күнде

01

Бір кеште жасадың

Курс, іс-шара немесе гайд аппта программистсіз жиналады — бірнеше сағатта.

02

Сілтемені биоға тастадың

1study.kz/сенің-никің витринасы өздігінен жиналады. Бір сілтеме — бүкіл контентің.

03

Ақша — бірден өзіңде

Сатып алушы 2 тап төлейді, ақша саған лезде түседі. Біз арқылы емес, 14 күннен кейін емес.

Мектептер табыс табады
0 ₸

мектептер 1Study-де соңғы жылда тапты

Мектептер неге 1Study-ді таңдайды

Делдал-платформа емеспіз: ақша бізге соқпай өтеді

50+
мектеп пен эксперт қазірдің өзінде платформада
6 300+
оқушы дәл қазір оқып жатыр
2 тап
оқушының төлеміне дейін
Кейстер

Нақты мектептер қазірдің өзінде табыс тауып жатыр

Миллиондық аудиториялы мектептерден нишалық сарапшыларға дейін — бәрі программистсіз іске қосылды.

Барлық кейстер
Buhari School

Buhari School

Тәжвид · діни оқыту

2 760+
курстардағы оқушы
Baipket

Baipket

Маркетинг пен сатылым

1,1 млн
аудитория
AKORUS

AKORUS

Қазақтілділерге арналған орыс тілі

730+
курстарға жазылу
Тарифтер

Айына 19 900 ₸ — және бәрі кіреді

Оқушылар мен курстарға лимит жоқ, қосымша, төлем тікелей кассаға, сатылымнан 0% комиссия.

Мектеп
бәріне лимитсіз + өз доменіңдегі сайт
19 900 ₸/ай
White label
App Store мен Google Play-дегі өз қосымшаң
99 900 ₸/ай

Төлем тоқсанына немесе жылына — жылға төлегенде минус 20%. Бағалар теңгемен; ТМД үшін $ мен ₽ баламасын көрсетеміз.

Мектебің басқа платформада ма?

Курстарды, сабақтар мен оқушыларды тегін көшіреміз — әдетте 1–2 күнде.

Тегін көшу

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл заңды ма?

Иә. Сен өз өніміңді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам немесе ЖК ретінде сатасың, ал төлем тікелей сенің Kaspi-іңе түседі. 1Study — сату құралы, ал сенің ақшаңды ұстап тұратын делдал емес.

Ақшаны қалай шығарамын?

Ешқалай — ақша бірден сенде. Оқушы Kaspi арқылы төлейді, сома төлем сәтінде мектеп кассасына түседі. Kaspi тек өз эквайрингін 0,95% алады — 1Study сатылымнан ештеңе алмайды.

ЖК қажет пе?

Бизнес-Kaspi-ге төлем қабылдау үшін ЖК немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесі қажет — ол Kaspi қосымшасында бірнеше минутта онлайн рәсімделеді. Контент жинауды осыған дейін де бастауға болады.

Бұл қанша тұрады?

Бір тариф — айына 19 900 ₸: оқушыларға, курстар мен қызметкерлерге лимит жоқ, қосымша және сатылымнан 0% комиссия. Жылға — минус 20%.

Жасырын төлемдер бар ма?

Жоқ. Тарифте модульдер үшін қосымша ақы, оқушыға «орын» ақысы және сатылым комиссиясы жоқ. Жазылымнан бөлек төленетін жалғыз нәрсе — Kaspi-дің стандартты эквайрингі 0,95%, ол да бізге емес, Kaspi-ге кетеді.

Сатып алушыға тіркелу қажет пе?

Жоқ. Қонақ телефон нөмірін енгізеді, шот оның Kaspi қосымшасына келеді, ол 2 таппен төлейді — тіркелусіз және карта енгізусіз.

App Store мен Google Play-де қосымшалар бар ма?

Иә, 1Study-дің iOS пен Android қосымшалары бар — мектебіңнің оқушылары оларды базалық тарифтің өзінде қолданады. Сторлардағы өз брендтелген қосымшаң — White label тарифі, айына 99 900 ₸.

Қазақстаннан тыс жерде жұмыс істейсіздер ме?

Иә. 1Study ТМД мен әлемнің кез келген еліндегі мектептерге жарайды. Kaspi — Қазақстан оқушылары үшін, Robokassa арқылы карталар — Ресей мен шетел үшін, қосымшаларда төлем кез келген елден App Store мен Google Play арқылы өтеді, басқа төлем жүйелерін сұрау бойынша қосамыз. Өз доменіндегі сайт пен white label кез келген тарифте бар, интерфейс орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде.

Мектепті тегін жина — іске қосылғанда ғана төле

Тіркелу мен баптау тегін: курсты жүкте, витринаны рәсімде — алғашқы оқушыларды қабылдай бер.